«Айкөркем» отбасылық үлгідегі бөбекжайы - 1 сәуір 2011 жылдан бастап қызмет жасайды. Оқу - тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша бойынша жалпы - 4 топ бар. Олар: «Бүлдіршін» кіші тобы, «Айгөлек» ортаңғы тобы, «Құлыншақ» ересек тобы, «Балдаурен» мектепалды даярлық тобы. Барлық топ мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайды. Жобалық қуаттылығы - 100 орын. Балабақша барлық заңды талаптарға сай жабдықталған. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан бөлек, қосымша хореография өтеді. Жылдық жоспар бойынша ертеңгіліктер, мерекелік іс - шаралар, балаларға арналған дамытушы ойындар мен ата - аналарға арналған ашық есік күндері, сайыстар үздіксіз жүргізіліп отырады.
Байланыстар: РК, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 29 шағын аудан, Толқын1, көщесі 40 үй +7 /705/ 6442283, +7 /701/ 144 38 71
Қауіпсіздік: Балабақшамызда қауіпсіздік шаралары жылдық жоспарға сәйкес маусым бойынша өткізіліп отырады. Оларға: «Абайла, балақай!» «Көңілді бағдаршам», «Өрт қайдан пайда болады?», «Бізге таныс емес адамға барамаймыз» тақырыптарында ашық оқу іс - әрекеттері тоқсан сайын жүргізіледі.
Ата - аналармен жұмыс: Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. Отбасыдан соң баланың алғаш қадам басатын қоғамдық орны балабақша. Ата - анамен бірлесе отырып болашақ ұрпақ тәрбиелеуде әр - түрлі көрмелер, ашық есік күндері, ертеңгілікке қатысу сияқты іс - шаралар үнемі өткізілуде.







